Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Блюдо очень скусное! - 3
Всего проголосовало: 3
Смотреть результат
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Коучинг- сессия
27-04-2016 08:37
Коучинг- сессия

IMG-20160427-WA0003Мектеп басшысы А.Т.Текжанова жиналған ұжымға курс жайлы және топтағы жұмыс жасау тәртібі жайлы атап өтті.

Коучинг жоспарымен , жасалатын жұмыс түрлерімен Б.Б.Накупова таныстырып, ұстаздарды түрлі-түсті қағаз қиындылары арқылы топтарға бөліп отырғызды. Әрбір топ спикерлерін тағайындап, бірлесе отырып алтын ереже шығарды.

Мектеп басшысы жаңа технологияның дамуы жөнінде ұжымға бейнеролик көрсетті де, әрбір топқа көргендерін топ ішінде талқылауға берді.

Әрбір топ жаңашыл технологияның қазіргі заман талабына сай дамып келе жатқанын атап, оның оқу –тәрбие жұмысына тигізер пайдасы және кедергісі жайлы айтып, өзара пікір алмасты.

Мектеп басшысы білім саласындағы өзгерістер жайлы айтып, 5 күндік оқу жүйесі, үш тілдік оқыту жайлы тоқтала кетті. Келесі кезекте әрбір топқа сауалнама қорытындылары таратылып, ондағы көрсеткіштеріне тоқталып, шығу жолдарын қарастыру болды.Топ ішінде талқыланып, әр топтан ортаға шығып қорғады.

I топ- сынып оқушыларына арналған сауалнама бойынша, ондағы төмен көрсеткіш пен жоғары көрсеткішті алма ағашы бейнесіне салып, өз ойларын жеткізді. Өзге топ мүшелері туындаған сұрақтарын қойып, ұсыныс . тілектерін білдірді.

II топ мектебіміздің жетістіктері мен кемшіліктерін салыстыра отырып, ата-ана мен баланың арасындағы сабақтастықты атап өтті.

III топ бағалалау бойынша оқушылардан алынған сауалнаманы талқылады. Бұл жерде ұстаздар оқушыны сабаққа қалай ынталандыру керектігін атады. Төмен пайыздың шығу жолы, жаңа технологияны сабақта дұрыс пайдалану керектігін айтты.

Келесі топтар жұмыс түрлерін , яғни сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізу дұрыс орнатылмағанын «Баспалдақ» түріне саклып, өз ойларын білдірді. Осылайша топ арасында пікірталастар туындап жатты.

Соңғы кезекте мектеп басшысы ұжымды шеңберге отырғызып, «Жабайы қаздардың ұшу сабағы» жайлы бейнефильм ұсынды. Бұл бейнефильмді көре отырып, топтық жұмыстың ұжым , мектеп үшін қаншалықты маңызды екенін әрбір ұстаз түсініп, пікірлерін ортаға салды.

Сөз соңында А.Т.Текжанова ұжымға әрдайым бірлесіп, топтасып, бір-бірлеріне қол ұшын берген жағдайда ғана, алға жылжып, мектептің ахуалы жақсаратынын атап, сәттілік тіледі. IMG-20160427-WA0001