Бүгін метебімізде 7 "А" және 7 "Б" сыныптарында «Суды сақтаушылар» тақырыбында халықаралық экосабақ өткізілді. Экосабақ 22 сәуір Жер – Ана күніне байланысты мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру мақсатында өткізілді.Жоба «Суды сақтаушылар» халықаралық білім беру жобасы « PepsiCo» компаниясының бастамасымен « ЭКА Жасыл» қозғалысының қолдауымен жүзеге асырылды.«Суды сақтаушылар» халықаралық экосабағының мақсаты - мектеп оқушыларын бүкіл планетамыздың, соның ішінде өз туған өлкесінің су қорларына жауапты болуын қалыптастыру және суды күнделікті тұрмыста пайдалануда үнемділікке үйрету.Экосабақтың бекітілу кезеңінде оқытушы покетмодтарды қалай дайындау керектігін түсіндіріп, көрсетті. Оқушылар покетмодтарды (суды сақтау туралы кеңестер жазылған қалта кітапшаларын) дайындап, кітапшаларға бүгіннен бастап күнделікті тұрмыста, мектепте, табиғатта суды сақтау жөнінде өздерінің қарапайым кеңестерін жазды.Қорытындысында оқушылар ең қымбат байлығымыз суды күнделікті тұрмыста үйімізде, мектепте, табиғатта қалай сақтау керектігін үйреніп, білді.