Ғаламтор жайлы не білеміз?
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда бола бастаса да, жедел қарқынмен дамып келеді. Қазіргі заман талабына сай, ғаламтордың бірнеше түрлері бар. Бірақ, біз келешек ұрпағымызға ғаламтордың пайдасы мен тигізер зиянын да түсіндіре білуіміз абзал.
Осы орайда, мектебімізде «Қауіпсіз ғаламтор» атты сынып сағаттары өтті. Оқушылар оның күнделікті өмірдегі байланысқа қажет екендігін, балама ақпарат көздерін табуға болатынын айтып, мысалдар келтіре отырып, өз ойларын ортаға салды.
Олар компьютерде қалай дұрыс отыру керектігін, сақталатын қауіпсіздік ережелері жайлы сұрақтарға жауап беріп, суреттер салды.
Бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Р.А.