Отбасы-шағын мемлекет демекші, яғни отбасында көрген тәлім-тәрбие , тәрбиенің арқасында ұрпағымыздың есті болып өсуі де осында. Қазіргі таңда бала тәрбиесі , оның қажеттілігін толық қанағаттандыру, ой еңбегіне үйрету, бойына мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттер ұялату ұстаз бен ата-ананың қолында. Осы орайда, мектебімізде «Отбасы -өмір аясы» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатында оқушылар өз отбасылары жайлы айтып, түрлі жұмыстар жасай білді. Атап айтсақ, отбасындағы мейірімді жандар кімдер ? деген сұраққа жауап бере отырып, сурет салды, мақал-мәтелдер жазды және де өз ойларынан өлеңдер шығаруға тырысты. Әрбір оқушы өз отбасындағы дәстүрлерін айтып, ой бөлісті.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші , менің ойымша отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды үлгі - өнегелердің сақтаушысы .
Бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Р.А.