Бүгін мектебімізде химия пәнінің мұғалімі Рахметова Марал Баймырзақызы политілді оқытуды енгізу мақсатында «Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы. Табиғаттағы су» тақырыбына 8Б сыныбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: судың сапалық, сандық құрамын анықтау әдістерімен, қасиеттері, қолданылуы және табиғаттағы су туралы түсінік беру. Судың құрамы мен қасиеттерін білу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру, талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілінен білімдерін кеңейту.
Сабақ түрі: жаңа материалды зерттеу және білімді бекіту
Мұғалім сабақта келесі әдістерді пайдаланды: проблемалық - зерттеушілік, көрнекі - сарамандық, иллюстрация, сұрақ – жауап, топтық.
Сабақта интерактивті тақта, электрондық оқулық, тақырыптық слайд қолданылды. Виртуалды лаборатория арқылы оқушылар тақырыпқа сай химиялық тәжірибелерді қарастырды.
Оқушылар топпен «Су» тақырыбына класстер жасап, оны қорғады. Жаңа тақырып бойынша кітапен өздік жұмысын орындады. Карточкалармен жұмыс істеді. Сумен түрлі тәжірибелік жұмыстарды орындады.
Сабақ барысында оқушылар барлық жаңа ұғымдармен қазақ тілінде танысып, сөздіктеріне жазды. Оқушылар қазақ тілінен сөз қорын толықтырды.
Сабаққа қала мектептерінің мұғалімдері қонаққа келіп, сабаққа талдау жасады. Сабақ өте қызықты өтті.