Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 2016 жылдың 2-12 ақпан аралығында, орта білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушылар үшін on-line тәртібінде байқау тестілеуін өткізеді. Оқушы келесі 11 пәннің біреуі бойынша тест тапсырады және ол кездейсоқ анықталады: Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)/Қазақ тілі (оқыту орыс тілінде), Дүниежүзі тарихы,Қазақстан тарихы,Биология, География,Қазақ әдебиеті(оқыту қазақ тілінде)/орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде), Алгебра, Химия, Физика, Орыс тілі (оқыту қазақ тілінде)/орыс тілі (оқыту орыс тілінде), Ағылшын тілі.
Онлайн байқау сынағы арқылы оқушылар компьютерлік тестілеудің бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымының интерфейсімен танысып, жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра алады.
Біздің мектебіміздің 9 сынып оқушылары да on-line тәртібінде тестілеуді өтті. Нәтижелері жақсы.