"Ананың алтын жүрегі"
"Өзін-өзі тану: махаббат және шығармашылық педагогикасы" атты республикалық онкүндіктің аясында №30 мектепте "Ананың алтын жүрегі" атты аналарымызға арналған өлеңдерді оқу байқауы өтті. Сайыстың қорытындысы: 1 орынға 6А сынып оқушысы Суботылова Жулдыз, 2 орынға 5Б сынып оқушысы Генаева Диана, 3 орынға 6А сынып оқушысы Рахим Нурым ие болды. Номинациялар бойынша Баранов Валерий және Жайлаубай Азамат марапатталды. Құттықтаймыз!