Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Топтық  жүмысты ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері» атты облыс көлемінде өткен коучинг –сессия.
21-12-2015 03:15
«Топтық  жүмысты ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері»  атты облыс көлемінде өткен коучинг –сессия.

13 12

Павлодар қаласындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектепте мұғалімдер арасында санаттықты көтеруге арналған апталықта мектебіміздегі жоғары санатты, 2-ші (негізгі) деңгейлік курсты бітірген тарих пәнінің мұғалімі Накупова Бақыт Барашқызы облыс көлемінде 32 мұғалім қатысқан коучинг – сессия өткізді. Бұл шараны өткізудегі мақсат- өзінің жоғары санаттылығын айқындау еді. Мұғалімдердің тәжірибесіне оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін енгізу арқылы, топтық жұмысты ұйымдастыру, ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру, мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету, шағын топтағы жұмыс моделін құру сияқты мақсаттар қоя отырып, түрлі жұмыстар ұйымдастырылды. 7 8 Коучинг қуаныш, ойшыл, ляззат, намыс, жігер, мақсат деген сөздері бар қағаздар таратылып, сол бойынша топтарға бөлінген мұғалімдер өздеріне тиісті тапсырмаларды алып орындап шықты. Тапсырма: топтың ұранын ойлап табу, қарама-қарсы топтарға тілек дайындау еді. «Команда арқылы жетістікке қол жеткізу» атты бейне фильм көрсетіліп, талдау жасалды. РАФТ стратегиясы арқылы топпен жұмыс жасалып, мұғалімдер берілген тапсырманы толықтай орындап шықты. Альварестің видеоролигі «Сәттілік тілеймін!» атты позитивтік фильм көрсетілді. Тренинг «Саусақтар арқылы мінезді анықтау» тесті арқылы мұғалімдер өз мінездерінде кездесетін кейбір олқылықтар болса соны тауып, біліп жатты. Топпен жұмыстың тағы бір түрі ұсынылды, ол мынандай тұрғыда берілді: «Топтық жұмыс» ұғымына ассоциация жасау, «Топтық жұмыстың тиімділігі», «Топтық жұмыста кездесетін қиыншылықтар», « Кездесетін қиыншылықтан шығу жолдары» сияқты тапсырмалар аясында мұғалімдер жан-жақты, мәнді, мағыналы жұмыс жасады. Коучингтің қорытынды бөлімінде айтылған ойларды жинақтау ретінде «Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру» тақырыбы бойынша слайдтар көрсетіліп, мәліметтер берілді. Коучингтен алған әсерін ұстаздар стикерге жазып, тақтада ілініп тұрған ағаштың суретіне жапсырды. «Бес сөз, бір сөйлем» арқылы мұғалімдер тарапынан рефлексия жасалды. 9 10