Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерт
15-12-2015 07:55
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерт
2015 жылы 15 желтоқсанда №30 ЖОББ мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік концертімізге «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы» ММ әдіскерлері, ата-аналар, № 28 және №35 мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Іс-шараның басталуы 2 «А», 2 «Б», 5 «А» сынып оқушыларын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған «Біріңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімінен басталды. Мектеп әкімшілігі мен Жоғары сынып кеңесінің белсенділері оқушыларға галстук тағып, ұйымға салтанатты түрде қабылдады. «Жас Қыранға» қабылданушылар «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» Ережелерін бұлжытпай орындауға ант етті. Мектеп әкімшілігі қалалық білім беру бөлімінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай қызметкерлерді марапаттау туралы бұйрығын оқып, мұғалімдер мен қызметкерлерді марапаттады. Мерекелік іс-шара салтанатты мерекелік концертпен жалғасты. Мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арнап, облысымыздың әнші-композиторы Нұрлан Есембаев «Мен қазақ» әнін тарту етті. Мектеп оқушылары мен ұстаздары өз өнерлерін паш етіп, концерттің соңы «Нұр аға» әнімен аяқталды. IMG_2819 IMG_2821 IMG_2831 IMG_2854 IMG_2866IMG_2859Құрметті ата-аналар, оқушылар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!