Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Семинар аттестуемых учителей
04-12-2015 02:47
Семинар аттестуемых учителей
IMG-20151203-WA0053

№30 ЖОБ мектебі аясында аттестациядан өтетін мұғалімдердің семинары өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Камиля Рамазановна Ибраева 1 «В» сыныбында математика пәнінен «Қайталау. Ондық сандарды қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Балалар аса белсенділікпен сабаққа қатысты.

Зауреш Богенбаевна Жаркенова 6 «В» сыныбында « Правописание гласных в чередующихся корнях » тақырыбында бекіту сабағын жүргізді. Мұғалім сабақта заманауи жаңашыл әдістер мен жұмыс формаларын қолданды. Оқушылар өз тарапынан білімдерін ортаға салып, пікірлерімен ашық және еркін бөлісті.

Алия Төкеновна Зарипбаева – информатика пәнінің мұғалімі. 5 «А» сыныбында «Ақпаратты жазу және санау. Ақпарат тасығыштар» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ топтық жұмыс формасында жүргізілген. Оқушылар логикалық, шығармашылық, тәжірибиелік, интерактивті тапсырмаларды белсенді орындады.

Гульжан Мерекеевна Асқарова 3 «В» сыныбында математика пәнінен «Көбейту кестесі мен бөлу. Қайталау» тақырыбында ашық сабақ жүргізді.

Гульнар Мутушевна Мусагажинова – өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі. 6 «В» сынып оқушыларымен «Найти свое признание» ашық сабақ жүргізді. Сабақ өте қызықты, әрі танымды өтті. Оқушылар мұғалімнің қойған әр сұрағына тиянақты, белсенді жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Сабақта тілек ағашы, кластермен жұмыс әдістері қолданылды.

Бахыт Барашевна Накупова – тарих пәнінің мұғалімі «Топтық жұмыстың әдіс-тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында танымды семинар-коучинг жүргізді. Осы семинарда мектеп ұжымы мен басқа мектептен келген қонақтар белсенді қатысты. Мұғалімдер топтық жұмыс формасын пайдаланып жұмыс істеді. Мұғалім зияткерлік бағдарламасында өткен ІІ курста алған білімін ортаға салып, тәжірибиесімен алмасты. Мектеп мұғалімдері өздерін еркін сезініп, жақсы әсер, сондай-ақ топтық жұмысы әдісі бойынша өз білімдерін толықтырды. Бұл әдістің жақсы және жаман жақтарын талқылап, өз жобаларын қорғады.

Бұл күні өткен ашық сабақтардың барлығы балалар үшін, сондай-ақ мұғалімдер үшін өте танымды, әрі мәнді болды. Қонақтардың барлығы семинардан жақсы әсер алып шықты.

IMG-20151203-WA0056IMG-20151203-WA0019 IMG-20151203-WA0011