27.11.2015 ж. күні мектебіміздің спорттық залында Жаратылыстану-Математика бағытының пәндері апталығы аясында "Спортландия" атты спорттық-зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа 5-6 сынып оқушыларынан құралған үш топ: "Тұлпар", "Знайки", "Умники" қатысты. Ойынның шарты бойынша қатысушылар белгілі бір спорттық іс-әрекетті орындап станцияға жетіп, берілген тапсырманы орындау қажет. Барлығы төрт станция болды: "Математика - ойдың гимнастикасы", "Әлем айнасы", "Қоршаған орта", "Ақпараттар әлемі".
"Математика - ойдың гимнастикасы"станциясында "Умниктер" тобы жақсы нәтиже көрсетсе, "Знайки" тобы "Әлем айнасы" станциясында өсімдіктер бөлімінен өз білімдерін көрсете білді. "Ақпараттар әлемі" станциясын қиыншылықсыз "Тұлпар" және "Умники" топтары өтті. Ал "Қоршаған орта" станциясында "Знайки" тобы жеңіске жетті. Ойынның қорытындысы бойынша І орын "Умники", ІІ орын "Знайки", ІІІ орын "Тұлпар" командасы ие болды. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар берілді.