«Дарынды балалар» бағдарламасы шеңберінде дарынды балаларды анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында мектепте қазақ тілінен, орыс тілінен, ағылшын тілінен, математикадан, химиядан, физикадан, биологиядан, географиядан, тарих пәнінен, қоғамтанудан, өзін-өзі танудан, информатикадан, технологиядан және басқа пәндерден мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 98% оқушылар қатысты.Мектептің ӘБ пән мұғалімдерімен мәтін тапсырмалары құрылып бекітілген.
ОТЖДО Г.Т.Айгожинамен өткізілу реті хабарланды: олимпиадалық жазбаша жұмыстары пән мұғалімдерімен тексеріледі. Әр тапсырма жеке бағаланады. Олимпиаданың қорытындылары екі күннен кейін шығарылады. Ең жоғары ұпай жинаған және әр параллель бойынша 1,2,3 орын иеленген оқушылар жеңімпаз атанады. Қиын деген тапсырмадан ең көп ұпай алған қатысушылар белгіленеді.
Пән олимпиадалардың бірінші туры теориялық және тәжірибелік тапсырмалардан құрылды. Теориялық тапсырмалар мектеп деңгейінде зерттеуге бағытталған пәндер бойынша негізгі бөлімдерін қамтыды. Жеке тапсырмалар оқушылардың өздігінен сараптама жасауды білуді, өткен материалды қорытындылауды, білімділікті, байқаушылықты, шығармашылық тәсілді, тапқырлықты талап етті.
8-10 сынып оқушыларының ішіндегі олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық олимпиадаға қатысуға жолдама алады.
Олимпиада қатысушыларына қойылған мақсаттарына жету, жаңа табыс, жетістіктер мен жеңіс тілейміз!