2015 жылдың 30 қазанында ЖОБМ № 30 оқушылар арасында интеллектуалдық жарыстарды ерекшелендіруге, дарынды оқушыларды айқындау және қолдауда, оқу іздену істерін ынталандыру мақсатында 3 -10 сыныптардан 67 оқушы қатысқан «Ақ бота » республикалық интеллектуалды марафоны өтті.
Марафонды бастау сөзі мектеп директоры Ажар Төкенқызы Текжановаға берілді. Директор орынбасары Айгожина Гүлсара Төлетайқызы марафон қатысушыларын орындау шарттарымен таныстырды : барлық қатысушыларға қонкурсқа қатысқанын растайтын сертификат берілді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады және «Дарын» мектептеріне ары қарайғы оқуларын жалғастыруға шақырылады.
Аталмыш шараны өткізуді үйлестіруші - мектеп психологі Оспанова Динара Қасқырбайқызы.
Марафонға қатысушыларының толағай табыстарға қол жеткізулеріне тілектеспіз.