8 - наурыз мерекесімен құттықтаймыз!!!
7 наурызда мектебімізде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ер мұғалімдер мен ұлдар қымбатты аналарын, әжелерін, мұғалімдер мен №30 жалпы орта білім беру мектебінің әйелдер ұжымын мерекесімен құттықтады.

Қымбатты, нәзік те тамаша қыздар! Сіздерге бүгінгі күн, 8 Наурыз жақсы көңіл күй сыйлап, барлық ойлаған армандарыңыздың орындалуына тілектеспін! Бұл күн сіздер үшін қуаныш сыйлайтын жаңа бастамалардың басы болсын!

Көктемгі мерекелеріңізбен!
«Жарқын Болашақ» жоғары сынып Кеңесі бұл күні мектебімізде өзін-өзі басқару күнін өткізді. Жоғары сынып оқушылары мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер рөлін ойнады. Әр сыныпта сабақтар мен «Халықаралық әйелдер күніне» арналған сынып сағаттары өткізілді.
