«Мың бала» атты республикалық мәдени-ағартушылық жобасы
21 сәуірде біздің мектебімізде өзге ұлт оқушылар арасында «Мың бала» атты республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Конкурстың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Ұйымдастырушысы – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, Павлодар облысы «НҰР-АНА әлемі» ҚБ, тілдерді дамыту жөніндегі, білім беру басқармасы, қалалық мәдениет және тілдер, білім бөлімдері. Конкурс үш кезеңінен болды: таныстыру, шешендік өнер (өлең, шығармадан үзінді оқу) және викторина (сұрақ-жауап). 5-9-сынып оқушылар өздеріңді қазақ тілінде таныстырды. Шешендік өнер тур болғанда балалар Отан, туған жер, ана тілі туралы өлеңдерін жатқа айтты, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердіұлының өлеңдерін айтып берді. Викторина болғанда біздің оқушыларымыз Қазақ хандығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және қазақ халқының ұлы адамдары туралы сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін және дайындығын көрсете білді. Әділ қазыларының шешімі бойынша, 1-орын – 7 В сынып оқушысы Новосельцев Роман (мұғалімі Г.С. Ауталипова); 2-орын - 7 В сынып оқушысы Мясникова Ксения (мұғалімі А.Н. Құдашева); 3-орын – 6 Б сынып оқушысы Певнева Ксения (мұғалімі А.Н. Құдашева) және 4 В сынып оқушысы Генаева Малика (мұғалімі Б.М. Тизикпаева). Құттықтаймыз! Облысы көлемінде өтетін «Мың бала» атты республикалық мәдени-ағартушылық жобасына келесі оқушылар жолдама алды: Новосельцев Роман, Мясникова Ксения, Генаева Малика. Сәттілік тілейміз!