Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне байланысты, мемлекеттік тілінің даму мақсатында, кітапханасында «Тіл керуені» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тіл – қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны мен ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі. Мектеп кітапханашысы Г.В. Иутина өзге ұлт оқушыларға қазақ тілін оқып үйрену үшін кітаптар, сөздіктер, грамматикалық анықтағыштар ұсынылды. Сонымен қатар А. Құнанбаевтың, М.Әуезовтың, С.Торайғыровтың және тағы басқа ұлы жазушыларының әдеби мұрасын оқуға ұсыныс берді. Аталмыш көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар, электрондық басылымдар, газет–журналдар беттеріндегі мәліметтер ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.
«Тіл керуені» атты кітап көрмесі