Біз жеңдік!
Тілдер аясында мектебімізде бүгін «Біз жеңдік!» деген атаумен қазақ тілінде 3б орыс сыныбында зияткерлік ойын өткізілді. Ойынды жүргізген – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтжанова Динара Қайырқызы. Екі топтан құралған оқушылар өздерін таныстырып, әр кезеңдерден өтті.
Оқушылар мәтінмен, суреттермен жұмыс жүргізіп, әр түрлі білім саласы бойынша сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріп, әріптері бар текшелерден сөздер құрастырды. «Полиглот» бөлімінде суреттердің атауын үш тілде: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде жауап берді. Жеңіске жеткен топ пен сайысқа жақсы қатысқан оқушылар айлықтың соңғы қорытынды кешінде марапатталады.