Ұлттық құндылық негізі – мемлекеттік тіл.
Мектебімізде тілдер мерекесіне орай «Тілдер айлығы» шеңберінде «Ұлттық құндылық негізі – мемлекеттік тіл» атты шара өтіп жатыр. Атап айтар болсақ «Тіл – қазынаң, тіл - тағдырың» атты сынып сағаттары, «Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын!» шығармалар байқауы, «Мемлекеттік тілде сөйлеу – менің азаматтық борышым» атты акциясы өткізілді. Акцияда 11- сынып оқушылары қазақ тілі – қазақ халқының тарихы, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні екендігіне көз жеткізіп, тіл туралы өлеңдер оқып, жас ұрпақты ана тілімізді сүюге, құрметтеуге шақырды.