Робототехника
Бүгінгі технологиялар дамыған заманда адамның сауаттылық туралы түсінігі күн сайын өзгеріп тұрады десек те болады. Осыдан 10 жыл бұрын адамның сауаттылығы оқу мен жазу көрсеткіштері арқылы бағаланатын болса, қазір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналад. Ал, ертеңгі күні әр сауатты адам роботпен жұмыс жасай білу қажет. Жаңа оқу жылынан бастап мектебімізде «Робототехника» үйірмесі ашылды. Үйірменің басты мақсаты - мектеп оқушыларының ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту. Робототехника үйірмесіне 3, 5, 8 сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен қатысады.