"Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында 2018 жылдың 29 қаңтарында біздің мектепте «Н.Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы» атты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Сынып сағатында оқушылар кітаппен таныстырылды, оның қандай бөлімдерден тұратындығы талқыланды. Бейнероликтер, презентациялар көрсетті. Кітапта қазақстандық моделін дамыту мәні айқын көрсетілген: оның дамуы, негізгі принциптері, тетіктері мен қозғаушы күштері. "Тәуелсіздік дәуірі" – бұл кітап өткен жылдар туралы ғана емес, ол болашаққа бағытталған: мемлекетке әрі қарай дамуға жол ашады. Кітапта мемлекеттік басқару және стратегиялық жоспарлаудың баға жетпес тәжірибесі бар. " Тәуелсіздік дәуірі" кітабының тұсаукесеріне арналған презентацияға қатысқан депутаттар, қоғам қайраткерлері және басқалары да "Тәуелсіздік дәуірі" тек Қазақстанның ғана қалың оқырманына емес, шет елдерде де қолдау табады деген пікірге келді.
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ