Павлодар облысына 80 жыл
Мектебіміздің оқушылары сейсенбіде, яғни, 30 қаңтар күні Павлодар облысының 80 жылдығына арналған квестке белсене қатысты. Квест ойыны алты станцияны: Павлодар қаласының ескерткіштерін, мұражайлар мен ғимараттарын, Павлодар облысының дәрілік өсімдіктерін, елтаңба, тарихи күндерін қамтыды. Балалар фотосуреттер бойынша ескерткіштерді тауып, филворд шешті, сондай-ақ шаңғы және шанамен сырғанау бойынша жарысты. Барлығына өте ұнады. Достық жеңді!