«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы
Тіл айлықтың аясында, оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау мақсатында, 5 А сыныпта «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар белсене қатысып, қазақ әдебиетінің ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа айтты. Белсене қатысқан балалар мадақтамаларымен марапатталды!