«Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебінде «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты эссе конкурсы өткізілді. Конкурсқа 5-8-сыныптар және 9-11-сыныптар аралығында қазақ, орыс және басқа да ұлт өкілдері қатысты. Нәтижесінде мектеп конкурсының жеңімпаздары 8 «А» сынып оқушысы Кеңес Ажар мен 10 «А» сынып оқушысы Белгожанова Әйгерім қалалық кезеңге ұсынылды.