Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША
28-12-2018 12:40
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША

Павлодарда Президент шыршасы дәстүр бойынша өтті. Басты қонақтары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ жоғары нәтиже көрсеткен дарынды балалар қатысты.

Мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Өмірзақ Айым шыршаға шақырылды. Айымға ноутбук, қуыршақ және тәттілерімен пакеттер сыйлады.

Облысымызда жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық облыстық ертеңгілікке мектебімізден 8а Негматова Сабина шақырылды. Әрбір жаңа жылдық шыршаға қатысушылар марапатталып, тәтті сыйлық, қуыршақ және смартфон сыйға алды. Соңында балаларды тәтті үстел күтті.

 

«Ертіс»қонақ үй кешенінде Павлодар қаласының әкімі А.К. Күмпекеевтің қатысуымен жаңа жылдық "Ұлы даланың ғажайып жаңа жылы" атты ертеңгілік өтті.

Бұл ертеңгілікке 5а сынып оқушылары Нұрлан Әлихан, Тебенов Диас, 3в сынып оқушысы Саттарова Айрин шақырылды. Барлық қатысушыларға жаңажылдық сыйлықтар - ноутбук, сондай-ақ тәттілер жиынтығы таратылды.

Балаларды ертегі кейіпкерлері, Аяз Ата мен Ақшақар, театрландырылған қойылым күтіп тұрды. Мереке соңында мерекелік тәттілер таратылды.