№30 жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Акманаева Любовь Юрьевнаны зейнеткерлік демалысқа шығарып салу өтті.
Зейнеткерлікке шығу – ерекше оқиға әр адамның өмірінде, өмір жолының үлкен бөлігінің өткен кезеңі деуге болады, өз жұмысының жемісін көретін және қорытынды жасайтын кез келді.
Мұғалімді бүкіл ұжым болып салтанатты түрде құттықтады. Мектеп директоры Текжанова Ажар Төкенқызы адал еңбектері үшін алғысын білдірді және қалалық кәсіподақ ұйымы мен мектептің кәсіподақ комитетінің атынан Алғыс хатын табыс етті.
Мұғалімнің білімі мен іскерліктерін айта келіп, көптеген алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапаттады. Бай тәжірибесін меңгерген ол кәсіпқойлықтың, адалдықтың үлгісі болып қалады, сондықтан да өз ұжымына сыйлы.
Әр ӘБ тілектерін айтып, сыйлықтарын табыс етті.
Мектеп ұжымы Любовь Юрьевнаны зейнеткерлікке шығуымен құттықтайды және денсаулық, жанұялық бақыт тілейді.
Іс-шара соңында ұжым естелік суретке түсті.