Макеты
Бүгін 3 "А" сыныбында математика сабағы ерекше өтті. Оқушылар ермексаздан және пластикалық таяқшалардан параллелепипед макетін жасады. Осы тәжірибелік жұмысының мақсаты оқушылардың логикалық және бейнелі ойлау қабілетіндамытуға ықпал ету.
Балалар өздерінің макеттері үлкен құлшыныспен орындады. Кейбіреуі жұппен жұмыс істесе, кейбіреуі жеке орындады, бірақ әрқайсысы өз жұмысына риза болды.