«Қазақша сөйлесейік!» акциясы
Мектебімізде айдың әр сәрсенбісінде «Қазақша сөйлесейік!» атты акциясы өтеді. Міне, бүгін де, осындай іс-шара орын алды. Бұл – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, насихаттау және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізілетін іс-шараның бір парасы ғана.Акция барысында оқушылар бір-бірімен қазақша сөйлесіп, қазақ тіліне деген көзқарастарын айтып, ой-пікірін жеткізді.