Қыркүйектің 20 күні 8-11 сыныптың оқушылары «буллинг» анықтамасымен және оның алдын алу тәсілдерімен танысты. Павлодар облысының полиция департаментінің тергеу бөлімінің капитаны Н.Ф. Қуанова баяндама оқыды. "Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселесі" тақырыбында ақпарат беріп жасөспірімдердің виртуалды кеңістікте және мектеп, қоршаған ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу және агрессия деңгейін төмендету жолдарын талқылады.Кибербуллингке , буллингке тап болған жағдайда не істеу керек екені және қайдан көмек алуға болатыны туралы, осындай жағдайға тап болған досыңызға қалай көмектесу керек және жеке мәліметтердің айлашарғы жасалуына, әлеуметтік желілерде келемеждеуге қалай тосқауыл қоюға болатыны туралы ұсынымдар берді.
Бүгін 8-11 сыныптың оқушылары «буллинг» анықтамасымен және оның алдын алу тәсілдерімен танысты.