2023ж. қаңтардың 31-і күні №7ЖОББМ 7-ші сыныптармен "Зорлық-зомбылыққа жол бермейік" тақырыбында психологпен кездесу өткізілді.
2023ж. қаңтардың 31-і күні №7ЖОББМ 7-ші сыныптармен "Зорлық-зомбылыққа жол бермейік" тақырыбында психологпен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты көптеген сұрақтардың жауабы талқыланып, балалар өз ойларын ашық түрде ортаға салды. Ой қозғап, зорлықтың түрлерін, оның алдын-алу шаралары қарастырылды. Сонымен қатар мақал-мәтелдер, жағдаяттар талқыланды. Іс-шараның соңында "Әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрсің?" сұрағына барлығы өз ойларын айтып, жақсы көңіл-күймен тарқады.