21 ақпан күні «Білім басы бастауыштан қаланар» атты бастауыш апталығында 4-сыныптар арасында «Көңілді мәре» сайысы өтті.
21 ақпан күні «Білім басы бастауыштан қаланар» атты бастауыш апталығында 4-сыныптар арасында «Көңілді мәре» сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке,сенімділікке,қайсарлыққа, батылдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік,жылдамдық,ептілік деңгейін дамыта отырып,дененің жалпы даму сапасының артуына,ойын кезінде әділдікке,жолдастық сезімге,ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Сайыс оқушыларға көңілді, әрі қызықты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды 4 «А»сынып, 2 орынды 4 «Ә» сынып, 3 орынды 4«Б» сынып оқушылары иеленді.