Бірінші сынып, бірінші мұғалім – әр адамның өміріндегі өте маңызды сәттер
Бірінші сынып, бірінші мұғалім – әр адамның өміріндегі өте маңызды сәттер. №7 ЖОББББММ профильді топтары оқушылар Сарайына қарама-қарсы орналасқан «Алғашқы мұғалім» ескерткішіне барып, оның авторы, орнату тарихынан мағлұмат алып қайтты. Бұл Қазақстандағы мұғалім құрметіне орнатылған ескерткіш. Қоладан құйылған ескерткіште қолына кітап ұстаған мұғалім- апай , оның алдында арқаларында сөмкелері, қолдарында гүлдері бар бірінші сыныптың оқушылары : ұл мен қыз келе жатыр. Оқушылар осы жерге тағы да келіп, мұғалімдер туралы тақпақтар оқып, ән салуға ұйғарды.