8 В сыныпта «Екпе туралы не білеміз?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
Бүгін 8 В сыныпта «Екпе туралы не білеміз?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушылар арасында жұқпалы аурулар туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, оларды тарату тәсілдері және қорғау тәсілдерін білу.
Міндеттері:
- иммунитеттің ,екпе түсінігін қалыптастыру
- балалардың өз денсаулығына қатысты моральдіқ жағдайын анықтау;
Біріншіден, сынып жетекшісі жеке гигиенасына байланысты білімін сұрақ -жауап түрінде тексерді және кішігірім викторинаны өткізді, содан кейін балалар тақырыпқа қатысты презентацияны қарап, өз пікірлерімен бөлісті.