Елбасының Қазақстан халқына жолдауын бүкіл ұжыммен тыңдап, қолдадық. Себебі жыл сайынғы Жолдаулары еліміздің рухын арттырып, күш-қуатын біріктіретін құжат. Жолдаудың әрбір тармағы қазіргі уақыт жағдайына сай айтылған. Әсіресе, Елбасы білім саласына ерекше мән беріп, мұғалімдердің мәртебесін жоғарлату туралы ұсынысы баршамызды қуантып, жылы қабылданды. Ұстаздардың жалақысын арттырғаны, өз қызметінен тыс жұмыстардан босатылғаны, бұның бәрі Елбасының мұғалімдерге жасап отырған қамқоры мен қолдауы деп түсінеміз.
Келесі маңызды мәселе - бұл мектеп туризмі туралы айтылған сөзі. Өйткені туризм арқылы оқушыларымыз туған өлкесінің тарихын біліп, құрметтеуге үйренеді. Осы жұмыстар арқылы өз Отанының патриоты болып өседі.
Мектеп директоры: Х.В.Бекбосынова