"Сүйіспеншілік - өмір негізі"
3 "Б" сыныбында "Сүйіспеншілік - өмір негізі" атты сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар сүйіспеншілік, адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық жайлы тыңдап, ой бөлісіп, бірін-бірі жақсы көру, жақсылық туралы түсініктерін кеңейтті. Әлемдегі бар жақсылықтың сүйіспеншілік арқылы келетініне көз жеткізді. Оқушылар туған елін, жерін, ата-анасын сүю керек екенін, бастысы махаббаттан басталатынын айтып, сынып сағатында белсенділік танытты.