Форум
2022 жылдың 24 наурызында музыка пәнінің мұғалімі, мектептің домбыра студиясының жетекшісі, Ботаева А. К. "Рухани-адамгершілік және физикалық даму: дәстүрлер мен инновациялар" тақырыбында мәдени цикл мұғалімдеріне арналған II аймақтық форумға қатысты. Форумның мақсаты: білім алушылардың бойында жеке құндылықтарды қалыптастыру, патриоттық тәрбие мен білім беру, дәстүрлер мен инновациялар арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту бойынша педагогикалық қызмет тәжірибесімен алмасуды кеңейту.