Телефон доверия
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Менің Туым, менің Отаным!»
13-11-2019 12:01
«Менің Туым, менің Отаным!»

    Бүгін №9ЖОББГМ «Менің Туым, менің Отаным!» науқан шеңберінде салтанатты линейка өткізілді. Бұл іс-шараның балалар үшін маңызы зор.

     Мемлекеттік Туды қастерлеп, қадір тұту – әр қазақстандықтың парызы. Ол мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты рәміздердің бірі болып табылады. Ондағы көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік сияқты қасиеттерді айшықтайды. Ал ортасында орналасқан күн тыныштық пен байлықты білдіреді. Тағы көк туымызда дала бүркіті бейнеленген. Ол арқылы қазақ халқының жомарттығы мен қырағылығын, пейілінің кеңдігін көруге болады.

     Сол себепті, осындай патриоттық акцияның басты мақсаты – мемлекеттік тудың маңызын насихаттап, жастарды отансүйгіштікке баулу.