Павлодар қаласындағы №16 лицей –мектебінің директоры
Қ.М.Құсбекова «Келешегіміз кемел болуы үшін-жаңаны енгізу,үздіксіз жаңарту» тақырыбы бойынша өз ұжымындағы ұстаздарды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауымен таныстырды.
Елбасының Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәдени дамуының 10 бағыты нақты түрде сипатталған.
Қазақстандағы әрбір елді мекеннің тікелей Үкіметтің назарында болуы, жасалып жатқан іс-шаралардың барлығы халқымыздың бірлікте,ынтымақта,бейбіт өмір сүруіне қолайлы жағдайларды жасаумен астасып жататындай.
Еліміз осы тарихи кезеңге дейін қол жеткізген құндылықтар жүйесін, жетістіктерін,мәдени мұрасын барынша ұқыптылықпен сақтап, оны келесі ұрпаққа сабақтастықпен жеткізуі керек. Бұлардың барлығы бізге отансүйгіштікке, жауапкершілікке бағыт береді.
Әркім өз ісіне шебер, оның сапалы орындалуына жауапты болмаса өркениетті елдер қатарына қосылу қиын екенін атап өтті.
Сол себепті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оларға білім беруде, жас кадрларды
дайындау ісіне үлкен мән беру керек.
Түп мәнінде интеллектуалды ұлтты зияткерлік қауымдастықты қалыптастыру еліміздің рухани әлеміндегі басты қадамдар қатарына жатады. Білімділік пен ағартушылықты аңсаған өткен ғасырлардағы қазақ зиялыларының арманы да осы еді.
Жаңа ғасыр жаңаша міндеттер қояды,біз соған сәйкес болуымыз керек «қазақ,орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, әлеуметтік жағынан белсенді, мобильді өзгерістерден қорықпайтын ұрпақ қалыптастыру қажет екендігін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып жүргені белгілі.
Жолдаудың негізгі идеясы-қоғамдағы бірлік пен тыныштықты сақтау, идеяның басты бағдары,іргетасы әрбір қазақстандық жас буынның ешкімнен кем емес, өркениетті елдердің азаматтарындай болуын алдын-ала ойлауда жатыр.
Білім беру ошақтары бүгінгі оқушы-ертеңгі еңбек күші екенін ескеруіміз керек. «Елбасы мемлекетіміздің негізгі даму бағытын бағдарлап берді. Оны бүкіл халық болып, жүзеге асыру елдік мақсат-мұратымыз болуы тиіс»-деп өз сөзін аяқтады мектеп директоры.
Бирюкова С.Н.