Телефон доверия
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Адрес: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Наурыз
20-03-2012 07:38

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді.

Бұл  мерекені  Шығыс елдері Өзбекистан, Қырғыстан, Ауғанстан,

Тәжікстан,Пәкстан ерте кезден өткізеді.Бұл мереке табиғвт пен

адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні.

Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды.

Осы уақыттан бастап күн ұзарып, тун қысқарады.

Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде “нау” – “жаңа”, “руз” – “күн” деген

ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз марекесіне алдын – ала

дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар

ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады.

Бұл – тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген

тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып , ағаштар

отырғызылған. “Бұлақ көрсең, көзін аш!”, “Бір тал ексең, он тал ек!”,

деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз – достық, еңбек,

бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін

ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы

наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалаған. “Наурыз

көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!” деген

сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата –

үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықвласты тілегі. Ақсақалдар:

“Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!” – деп бата

береді.   

Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен

жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.

Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. “Көкпар”, ”Бәйге”, ”Қыз қуу”, ”Жамбы ату” ойындары аса бір

қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке

дейін сақталатын. Біздің 79 гимназияда Наурыз мерекесін қарсы алу

дәстүрге айналған. Мерекеге арналған қабырға газеттерінде “наурыз”

тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді берілкді. Сахнада наурыз

мерекесіне арналып көріністер қойылады. Гимназияда “Ұлыстың Ұлы

күніне” арналған мереке ерекше қувнышты өтеді. Жүректер жалауын

таратқан көктемнің бақыт сайы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе

тойлайтын – Достық мерекесі.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та,

Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойында

қан жүгіріп кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды.

Самарқанның көк тасы еріп, қасиетті қара жер, қара топырақ бусанады.

Ұлы даланың төсінде қызғалдақтар құлпыра өсіп, бел-белестерге

қызылды-жасылды...