«Тілдер мерекесі»
«Тілдер мерекесі» күні шеңберінде қазақ тілі мұғалімдері Қабдрақышева Айгүл Сәбитқызы, Темірбаева Динара Дүйсенбіқызы ұйымдастыруымен
сөздің көркі атты жергілікті ақын Сүлеймен Баязитовпен кездесу кеші өткізілді.10 сынып оқушылары Сүлеймен Баязитовтің бай шығармашылық дүниесімен танысып, көркем әдебиет нәрімен сусындатып, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын дамытты.
Кездесу сұрақ – жауап ретінде жүргізілді. Ақынның:
Не десең де
Тылсым сыр ашылмаған
Көрінеді көп жайдан басым маған.
Іздеп жүрген қазынам өлеңім бе?
Жазылмаған, сонан соң басылмаған.
Жыр шашуы жұртыма шашылмаған...
Неге үнсізсің, мәнгі жас жасыл ғалам, - деген сөздеріне тамсанып, оқушылар жинаған қазынасын жыр шашу етіп өз өлеңдерін, әндерін ұсынды.