25 тәуелсіз мейірімділік істер шарасы
ҚР Тәуелсіздік күнінің 25- жылдығына орай мектепте 11 қазаннан бастап 14 желтоқсанға дейін ұстаздар мен оқушылар арасында 25 тәуелсіз мейірімділік істер шарасы ұйымдастырылды. 10 қазан күні 1-11 сыныптарда аталып отырған акцияға мектептің 1139 оқушысы қатысуымен салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Салтанатты ашылу рәсімін №16 лицей – мектебінің директоры Т.А.Мигунова жүргізді. 4а сынып оқушылары «Мәңгілік елдің ұмытылмас негізгі 7 сәті » атты әдеби композицияны ұсынды.