Телефон доверия
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Адрес: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
№16 лицей-мектебінің лайықты жеңісі
03-09-2019 15:12
№16 лицей-мектебінің лайықты жеңісі

 

Жаңа оқу жылының қарсаңында, нақтырақ айтсақ, 2019 жылдың 23 тамызы күні Естай атындағы мәдениет сарайында Павлодар обылысы педагогикалық қауымдастығының «Білім және ғылым» атты тамыз конференциясы болып өтті. 

Мұғалімдердің тамыз жиынында «Орта білім берудің үздік ұйымы - 2019» байқауының қорытындылары да шығарылды. Осы байқаудың бас жүлдесін – 34 миллион теңгені №16 лицей-мектебі жеңіп алды. Облыс әкімі Б.Ж.Бақауов лайықты жүлдені мектеп директоры Т.А.Мигуноваға салтанатты түрде табыс етті. 

Сонымен қатар облыстық конференция барысында ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтижелерге жеткен мектептер де марапатталды. Біздің мектеп облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.  Бұл жетістіктер мектебіміздегі оқу-тәрбие үрдісінің жемісті жүзеге асырылатындығын, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының эоғары деңгейде екенін айқын дәлелдейді. Жаңа оқу жылының қарсаңындағы мұндай жоғары жетістіктерге тәжірибелі басшы - №16 лицей-мектебінің директоры Т.А.Мигунованың жетекшілігімен тұтастай мектеп ұжымы – мұғалімдер мен оқушылар қол жеткізіп отыр. Құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы табысқа толы болсын!