"Балалар техникалық мектебі" базасында қала мектептеррінің технология, робототехника мұғалімдеріне арналған «Техникалық шығармашылық үйірмелерінде 3D модельдеу технологиясын пайдалану» тақырыбында онлайн форматта қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты-3D модельдеуге арналған бағдарламаларды зерттеуге және практикалық игеруге педагогтар мен оқушылардың қызығушылығын дамытуға ықпал ету.
СеминардыПавлодар қаласы Білім беру бөлімініңәдіскеріМ.К. Қасенуалиева.Алғы сөзінде Маржан Қуандыққызы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы заманауи білім беру құзыреттілігін дамытуға ерекше назар аударды.
Семинарда техникалық бөлімнің қосымша білімберу педагогтарысөз сөйледі.
Мектеп басшысы А. Н.Зозуля «Рухани жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Шығармашылық аумақ.Мамандыққа менің жолым" жобасы бойынша жасалған жұмыспен таныстырды. "Авиа үлгісін жасау" үйірмесінің жетекшісі Соц С.Ф. "SolidWorks бағдарламасында 3D моделін құрудан бастап PowerMill бағдарламасында модельдің G-кодын жазуға дейін.» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Жұмыс барысында СБҚ станогының көрсетілімін және 3D принтерде басып шығару технологиясын "Авто үлгілерін жасау" үйірмесінің жетекшісі Р.В. Маричев және "Робототехника"үйірмесінің жетекшісі Р. В. Ладин көрсетті. Техникалық үйірмелерде 3D басылымды қолдану туралы "Әскери техника"үйірмесінің жетекшісі О.А. Зозуля айтып берді.
Семинар жоғары танымдық және шығармашылық деңгейде өтті.






