Ұйымдастырушысы ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылатын, Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштық жарысының қорытындылары жарияланды. 2021 жылғы 09-11 маусым аралығында техникалық модельдеу бойынша өткен жарысында Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің «Балалар техникалық мектебі» КММ 9 тәрбиеленушілерінен тұратын Павлодар облысының командасы 2 жүлделі орынға ие болды.
"F-2-Р" сыныбында I орынға авиа үлгілерін жасау үйірмесінің тәрбиеленушісі, «Жас дарын» мамандырылған мектебінің оқушысы Сәкен Нұрәлі, «Квадрокоптер» сыныбында III орынға авиа үлгілерін жасау үйірмесінің тәрбиеленушісі, № 21 ЖОББМ-нің оқушысы Захаров Богдан иеленді.
Республикалық жарыстар 2 кезеңнен тұрды: стендтік бағалау (модельдердің сыртқы түрі) және модельдерді іске қосу, онда жүру сапасы бағаланды.
Жарыс онлайн режимінде өтті және ZOOM платформасында көрсетілді.
