Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Итоги республиканских соревнований технического творчества и изобретательства
21-06-2021 14:19
Итоги республиканских соревнований технического творчества и изобретательства

         Ұйымдастырушысы ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылатын, Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштық жарысының қорытындылары жарияланды. 2021 жылғы 09-11 маусым аралығында техникалық модельдеу бойынша өткен жарысында Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің «Балалар техникалық мектебі» КММ 9 тәрбиеленушілерінен тұратын Павлодар облысының командасы 2 жүлделі орынға ие болды.

         "F-2-Р" сыныбында  I орынға  авиа үлгілерін жасау үйірмесінің тәрбиеленушісі, «Жас дарын» мамандырылған мектебінің оқушысы   Сәкен Нұрәлі,  «Квадрокоптер»  сыныбында III орынға авиа үлгілерін жасау үйірмесінің тәрбиеленушісі,  № 21 ЖОББМ-нің  оқушысы Захаров Богдан иеленді.

         Республикалық жарыстар 2 кезеңнен тұрды: стендтік бағалау (модельдердің сыртқы түрі) және модельдерді іске қосу, онда жүру сапасы бағаланды.

         Жарыс онлайн режимінде өтті және ZOOM платформасында көрсетілді.