Бүгін Балалар техникалық мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған панорамалық көрмесіне бастау берді.
Көрме 2021 жылдың соңына дейін жалғасады және мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарымен толықтырылады.
Көрме орталығында 3D форматында орындалған панорамалық панно орналасқан. СҚӨ бөлімінің педагогтары жобаның көркемдік концепциясын әзірледі. Идея бойынша панно сюжетінде біздің мемлекетіміздің рәміздері көрініс тапқан.
Шаңырақ-жүрек, панноның негізі. Бұл ошақ, әлемнің тұтастығы, мемлекеттің, отбасының, ата-бабалар жерінің түп негізінің символы.
Бүркіт символизм тілінде мемлекеттік билікті, заңды, кеңдікті, көрегендікті, Тәуелсіздік пен егемендікті білдіреді.
Панно бойымен жүретін ұлттық ою-өрнек Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін бейнелейді.
Ал техникалық бөлімнің педагогтары жоспарды іске асырды. Панно жасау үшін қажет болған материалдар мен құрал-жабдықтар: ПВХ пластикасы, сандық басқарылатын машина, балалар техникалық мектебінің мұғалімдерінің шығармашылық шабыты мен шеберлігі.
Панноның жарықтандырылуы таулардың, бүркіттің биіктігінде қалықтаған қозғалыстың жеңіл сезімін тудырады, таза ауа таулардан ағып жатқан сияқты.




