2023 жылғы 5 қазанда алғаш рет Қазақстан педагогтарының республикалық съезі өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 700-ден астам педагог қатысты. Съезге білім беру саласындағы еңбек сіңірген ардагерлер, "Үздік ұстаз", "Үздік тәрбиеші" атақтарының иегерлері, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ұйымдардың, қосымша білім берудің еңбек сіңірген педагогтары шақырылды.
Съезді ҚазақстанПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты: "Сіздерді Республикалық педагогтар съезінің ашылуымен және Мұғалімдер Күнімен құттықтаймын! Шынында да, бүгінде өте маңызды іс – шара өтіп жатыр, өйткені педагог-ең алдымен беделді маман. Педагогболу-жауапты миссия". Сондай-ақ Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек пен оқу-ағарту министрі Гани Бектайұлы Бейсембаевтың құттықтаулары айтылды.
Педагогтар съезінде білім беру саласындағы маңызды мәселелер туралы айтылды. Мемлекет басшысы педагогикалық қоғамдастық еліміздің жарқын болашағы мен мемлекеттің дамуы үшін тынымсыз еңбек етуді жалғастырып келе жатқанын атап өтті.
Бүгінгі таңда сапалы білім беру және білікті мамандарды даярлау бұрынғыдан да маңызды.
Қ. Ж. Тоқаев білім беруді одан әрі дамыту траекториясының басым бағыттарын атап өтті: білім беру процесін цифрландыру қарқынын жеделдету, педагог мәртебесін нығайту, зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтау, ұлттық құндылықтарды сіңіру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, бала құқықтарын қорғау, оқушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі, қорқыту мен зорлық-зомбылықты жою.
Біз Президентіміздің ұмтылысын толығымен қолдаймыз! Біз педагогпыз, біз балаларымыз болашақта кім және қандай болатынына жауптымыз! Біз әрқашан «Педагогболу – жауапты миссия» екенінесіміздесақтаймыз!
