Павлодар қаласында Қала күні мерекесі аясында тұрғындар мен қала қонақтары үшін Балалар техникалық мектебінің педагогтері қызықты шеберлік сағаттарын өткізді.
Павлодар қаласында Қала күні мерекесі аясында тұрғындар мен қала қонақтары үшін Балалар техникалық мектебінің педагогтері қызықты шеберлік сағаттарын өткізді. Шара барысында балалар мен ересектер қарапайым планер-әуе модельдерін жасап, шашқа тағатын әшекей бұйымдар, қолшатыр-вейерлер және басқа да сәндік бұйымдар дайындады. Қатысушылар өз қолымен әсем бұйымдар жасап, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ерекше әсер алды. Мұндай іс-шаралар мерекелік көңіл күй сыйлап қана қоймай, техникалық және сәндік-қолданбалы өнерді өскелең ұрпақ арасында насихаттауға өз үлесін қосады.
