«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам»
Павлодар облысында «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты республикалық инновациялық идеялар конкурсының облыстық турнирі өтті. Конкурс нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: «Су көлігі саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы
I орын – Мехновцов Шамиль; «Авиация саласындағы үлгілер» номинациясы
I орын – Кудрявцев Кирилл; «Құрылыс саласындағы үлгілер» номинациясы
II орын – Кусамин Кирилл.
Өткен конкурс өңір оқушыларының техникалық ойлау деңгейінің жоғары екенін, инженерлік дағдылары мен инновациялық идеяларды жүзеге асырудағы шығармашылық қабілеттерін дәлелдеді.
