Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
«Bala Creative»
22-12-2025 15:34
«Bala Creative»

2025 жылғы қазан айында Павлодар қаласының Балалар техникалық мектебі «Bala Creative» қалалық жобасын іске қосты. Жоба «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оқушыларды ғылым мен техника салаларындағы зерттеушілік және өнертапқыштық қызметке тартуға, дарынды балаларды қолдауға және шығармашылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған.  Жобаның жүзеге асу мерзімі — 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы сәуірге дейін. Байқауға жасы 10–17 аралығындағы қала мектептерінің командалары қатысады. Жарыстар техникалық құрастырудың тоғыз номинациясы бойынша өткізіліп, жобалар идеяның бірегейлігі, практикалық маңыздылығы және модельдің өзектілігі негізінде бағаланады.  Жоба аясында кураторлар ай сайын офлайн-кездесулер, сондай-ақ қатысушы мектептердің командаларымен апта сайын онлайн-консультациялар өткізеді.