Балалар техникалық мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі өтті.
Балалар техникалық мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі өтті. Көрмеде тәрбиеленушілердің халықтар достығын, ұлттық мәдениеттердің байлығын, бейбітшілік пен келісімді, Отанға деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жарқын әрі ерекше туындылары ұсынылды. Өз қолөнерлері арқылы балалар Қазақстанның түрлі ұлт өкілдері бірлік пен татулықта өмір сүретін ел екенін көрсетті. Мереке құтты болсын! Елімізде әрдайым бірлік, береке және татулық салтанат құрсын!
